Президенттің Үкіметтің жұмысын жақсартуға бағытталған сындары мен нақты тапсырмалары – мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын күшейту жолындағы маңызды қадам. Әсіресе әлеуметтік көмекті тек мұқтаж адамдарға тиімді бағыттауды қайта қарау туралы ұсынысы уақытылы әрі қажетті шешім деп есептеймін.
2024 жылы әлеуметтік төлемдерге 5,3 трлн теңге бөлінуі – еліміздің әлеуметтік мәселелерді шешуге деген ұмтылысының айқын көрінісі. Дегенмен бөлінген қаржының әрбір теңгесі тиісті адамға жетуі тиіс. Бұл жерде біздің, жергілікті деңгейдегі өкілдердің, міндеті – әлеуметтік төлемдер мен бағдарламалардың орындалуын қадағалап, қоғаммен тікелей байланыс орнату.
Сонымен қатар ұлттық валюта бағамының құлдырауы сияқты мәселелер Үкіметтің қаржы саясатын қайта саралауды қажет етеді. Елдегі экономиканы әртараптандыру, инфрақұрылымды дамыту, шағын және орта бизнесті қолдау сияқты бағыттарды күшейту – біздің ұзақмерзімді тұрақтылық пен әл-ауқатты қамтамасыз етудегі басты мақсатымыз.
Едіге Досқалиев,
«AMANAT» партиясы Исатай аудандық филиалының төрағасы