ДАНА – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САЙЫСТЫҢ ГРАН ПРИ ИЕГЕРІ

Қазақстанға еңбек сіңірген қайраткер, композитор К.Дүйсекеев атындағы халықаралық вокалистер байқауында жерлесіміз Дана Мәжитова Гран При иегері атанды.

Жалпы Мәжитовтар  есімі ауданымызға көптен бері жақсы таныс. Анасы Қамажай -хореограф, әкесі Кенжебай -музыкант. Өнер қонған отбасы.

Соның ішінде, әсіресе, Дананың  орны бөлек. Ол жастайынан әнші болуды армандады.
Бірнеше мәрте республикалық, облыстық, аудандық байқаулардың жүлдегері атанды. Әнсүйер тыңдармандардың көзайымына айналды.
Өнерлі жас қазір Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясында білім алуда.
Қызылорда қаласында өткен байқауға Қазақстаннан, Өзбекстаннан, Қырғызстаннан, Тәжікстаннан, Армениядан, Польшадан, Болгариядан 24 әнші қатысыпты. Құрамында Қазақстанға еңбек сіңірген қайраткер, композитор Рамазан Тайманов, Халық артисі Нағима Есқалиева, литвалық белгілі продюсер, әнші Бируте Петриките, болгарлық эстетика докторы Николай Текелиев және басқа да белгілі өнер тұлғалары бар қазылар алқасы Дананың өнеріне риза болып, оның болашағынан зор үміт күтетіндерін айтып, дарынды әншімізге бірауыздан жоғары баға армандады. Бірнеше мәрте республикалық, облыстық, аудандық байқаулардың жүлдегері атанды. Әнсүйер тыңдармандардың көзайымына айналды. Өнерлі жас қазір Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясында білім алуда.

Байқауда Дана қазақтың атақты композиторлары К.Дүйсекеев пен С.Бәйтерековтің «Туған жер», «Аралдан ұшқан аққулар» әндерін нақышына келтіре орындап, көрермендердің ризашылығына бөленген.

- Мен қазір Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының 3 курста оқимын. Өнердегі өз жолымды таптым деп ойлаймын. Әрі оны одан әрі дамытып, балалық шағымнан жақсы көретін атақты әншілер Роза Рымбаева, Жанар Дуғалова секілді кәсіби әнші болуды армандаймын,-дейді ол.

 

Аяпберген ТІЛЕШҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521