ДАНА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУҒА ЖОЛДАМА АЛДЫ

Жас таланттыларға арналған «Jas-tolqyn» байқауы - Атырауда алғаш рет ұйымдастырылып отырған жоба. Еліміздің батыс өңіріндегі 4 облыс өнерпаздары қатысқан аталмыш жоба «Каспий Құбыр Консорциумы-Қ» АҚ мен «ТеңізШевройл» ЖШС мекемелерінің қолдауымен жүзеге асып отырған көрінеді.

Байқауға 9-18 жас аралығындағы жасөспірімдер өтініш берген. Олар «Хореография», «Вокал» «Аспаптық жанр» аталымдары бойынша бақ сынасты.

lala3

Қай сахнадан да қанжығасы құр қайтпайтын исатайлық Дана Мажитова бұл байқаудан да бас жүлдегер атанды. Ал, «Үлгілі Аққайың» би тобы 1 орынға ие болды.

Дана Естайдың «Сандуғаш» әнін таңдаған екен. - Көп дайындықтың, ұстазымыз екеуміздің еңбегіміздің арқасында бас жүлдені иелендім. Бізге осындай мүмкіндік беріп жатқан мұнай мекемелеріне алғыс білдіреміз, - депті жас әнші атыраулық әріптесіміз Н.Әліпмұратоваға берген сұхбатында.

lala4

Айта кетейік, бүгін «Сұлтан Палас» қонақ үйінде үздік өнерпаздардан гала-концерт өтуде. Онда байқау қатысушыларымен бірге қазақстандық эстрада жұлдыздары Тамара Асар, Балжан Бидаш бір сахнада өнер көрсететті. Бұл концертте ауданымыздан Дана, Жанерке Мажитовалар және «Үлгілі Аққайың» би тобы да қатыспақ.

-Байқауға демеушілік еткен «Теңізшевройл», КТК секілді ірі мұнай компанмяларына алғысымыз шексіз. Үміткерлерлің жолақысы, тамағы мен жатар орнын өз мойнына алған өнер жанашырларына ризамыз, - деген Дананың ұстазы Альбина Мидар жас әншінің енді Ресейде өтетін ақтық сынға жолдама алғанын қуана жеткізді.

 C.Панабердиев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521