ДАУЫС БЕРУШІЛЕР НЕНІ БІЛУЛЕРІ КЕРЕК?

Елімізде 19 наурыз күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауы өтетінінен аудан тұрғындары да хабардар. Алайда, Сайлау туралы Заңға енгізілген өзгерістерге байланысты бұл жолғы саяси доданың өзіндік ерекшеліктері бар.

Сайлауда дауыс беру – кәмелетке толған әрбір Қазақстан Республикасы азаматының конституциялық құқығы. Дауыс берушілер арасында конституциялық құқығын алғаш рет қолданғалы тұрған азамат- тар да болуы мүмкін. Одан бөлек, ел ісіне, қабылданатын шешімдерге бей- жай қарамайтын азаматтарымыз да қаншама? Осы тұрғыдан қарағанда, сайлаудың қаншалықты маңызды саяси науқан екенін түсінуге бола- ды. Сайлауда дауыс берушілер нені білулері керек? Бұл жөнінде толық мағлұмат беру үшін аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Қабыл ҒҰБАШЕВҚА сауалдарымызды жолдап, жауабын оқырмандар на- зарына беріп отырмыз.

-Соңғы мезгілде сай- лау туралы заңға енгізілген өзгерістерге байланысты алдағы өтетін сайлаудың ерекшеліктері қандай болмақ?

-Биыл Мемлекет басшы- сы жүргізіп жатқан саяси реформаларға байланысты алдағы кезектен тыс Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы жаңа, ерекше жағдайда өтейін деп тұр. Бұрынғы саяси додаларға қарағанда, бұл сайлаудың жүйесі де бөлек. Өйткені, про- порционалды-мажоритарлы жүйемен өтеді. Бұрын депу- таттар тек партиялық тізіммен ғана сайланса, осы жолы же- келеген азаматтар өзін-өзі ұсына алады. Ал, облыстық мәслихатта 50/50, аудандық мәслихатта 100 пайыз өзін- өзі ұсыну арқылы сайлауға қатысуға мүмкіндік беріліп отыр.

-Ауданда қанша сайлау округі құрылды, аудандық мәслихатқа қанша депутат сайлауымыз керек?

-«Қазақстан Республика- сындағы сайлау тура- лы» конституциялық заңы және Президенттің «Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» 2023 жылғы 19-қаңтардағы No 105 Жарлығы негізінде 2023 жылдың 19-наурызы- на Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайла- уы тағайындалды. Сайлау заңындағы жаңа өзгерістер, атап айтқанда 15-1 бабы, яғни Округтік сайлау комиссияла- ры бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісінің және мәслихаттардың депутатта- рын сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету мақсатында енгізілді. Осы заңның 10 бабының 4 тармағына сәйкес ау- данда он бір сайлау округі құрылып, олардың шекара- лары нақтыланып, комиссия құрамы саяси партиялардың,
қоғамдық ұйымдардың ұсыныстары негізінде аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 16 қаңтар күнгі 188-ҮІІ санды шешімімен қалыптастырылды, аудандық газетте, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интер- нет сайтында жарияланды.
Ауданымыз бойынша 11 сайлау округі бар, әр сайлау округінен бір депутаттан сайла- нады, яғни 11 депутат. Бірақ әр сайлау округінен депутаттыққа түсетін кандидаттар саны- на шектеу қойылмайды. Сайлау округтері халық са- нына байланысты құрылды. Мәселен, Исатай мен Зинеден ауылдық округтерінен бір де- путат сайланады. Тиісінше, аудан орталығында халық санының көптігіне байланыс- ты 4 сайлау округі, оның ішіне Томан елді мекені де кіреді, Тұщықұдық пен Қамысқала ауылдық округтерінде 2 сайлау округтерінен құрылып отыр.

-Депутаттыққа кандидат ретінде кімдер тіркеле алады?

- Мәслихат депутаттығына 20 жастан жоғары Қазақстан Республикасының азаматы кандидат бола алады. Бірақ сотталғандығы белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған адам, сыбай- лас жемқорлық қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсін сот заңда белгіленген тәртіппен танылған адам тіркеле алмай-
ды.
Сондай-ақ бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын канди- даттарды ұсыну құқығы са- яси партияларға, қоғамдық бірлестіктерге, сондай-ақ егер жарғыда тиісті өкілеттік көзделген болса, олардың құрылымдық бөлімшелеріне, яғни, филиалдары мен өкілдіктеріне және өзін-өзі ұсыну арқылы азаматтарға тиесілі.

- Қоғамда белсенділігімен көзге түсіп жүрген, ауданның дамуына үлес қоса алатын азаматтар депутат болу үшін не істеулері керек?

-Азаматтар өзі таңдаған округтегі сайлау комиссия- сына барып, кандидаттыққа үміткер ретінде өтінішін, өмірбаяндық деректерін және кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтер мен міндеттемелер туралы де- кларацияны тапсырғаны ту- ралы мемлекеттік кірістер органының анықтамасын тапсырады. Кандидаттыққа үміткердің құжаттарын жіберу арқылы арнайы органдар заң талаптарына сай кандидаттың сәйкестігін тексеріп, сәйкес деп таныса, кандидат ретінде тіркеледі, одан соң ең төменгі еңбекақының 5 еселенген, яғни 350 мың тенге көлемінде сайлау жарнасын төлейді. Сонымен қатар, мүгедектігі бар адамдар өздерінің кан- дидатурасын депутаттыққа ұсынған жағдайда сайлау жарнасын толық төлейді. Оларға ешқандай жеңілдіктер қарастырылмаған. Төленген жарна кандидаттарға сайлау- шылар даусының кемінде бес пайызын жинаған немесе кан- дидат қайтыс болған жағдайда кері қайтарылады. Қалған барлық жағдайда енгізілген жарна қайтарылуға жатпайды және республикалық бюджет кірісіне алынады. Сайлау ко- миссиялары кандидаттарды тіркеп, сайлауды ұйымдастыру мен заң талаптарына сәйкес өтуін қамтамасыз етеді, таңдауды тұрғындардың өздері жасайды.

-Кандидаттарды тіркеу қашанға дейін жалғасады, үгіт-насихат жұмыстары қай уақытта басталады?

- 20-қаңтардан бастап 8-ақпанға дейін кандидаттар- ды ұсыну жалғасады, ал кан- дидаттарды тіркеу 8 ақпаннан 18-ақпанға дейін жүргізіледі, үгіт-насихат жұмыстарына 1 ай уақыт беріледі.

- Сайлаушылар нені білулері керек, сайлау бюллетендерінде қандай өзгерістер бар?

- Сайлаушылар, ең бірінші, қай сайлау учаскесінен дауыс беретінін білулері керек. Одан бөлек, 19 наурызда өтетін Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауында сайлаушылар 5 бюллетенде дауыс береді. Парламент Мәжілісі депутатта- рын пропорционалды негізде, яғни партия тізімі бойынша сайлауға бөлек бюллетень бо- лады. Ол барлық өңірлерде барлық сайлау учаскелерінде таратылады. Екінші бюлле- тень – Парламент Мәжілісінің бірмандатты депутатына арналған.
Үшінші бюллетенде – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, ел астанасының мәслихаттарына сайланғысы келетін партиялар тізімі болады.
Төртінші бюллетень – облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, ел астанасының бірмандатты округі үшін таратылады, онда да кандидаттар ұсынылады.
Бесінші бюллетень аудандық мажоритарлық бюллетень болады. Өз ауданыңның мәслихатының депутат- тарын сайлау бюллетені беріледі. Сонымен бірге, дау- ыс беру бюллетеніне «бәріне қарсымын» деген жаңа баған енгізілді. Ол өткен кезектен тыс Президент сайлауында да қолданылған болатын. Бұл да азаматтардың сайлаудағы таңдау құқығы. Демек, сая- си партияны немесе қандай да бір кандидатты мүлдем қолдамайтын азаматтар сайла- уда осы құқығын қолданады. Яғни, азаматтар сайлауға келіп дауыс беру, «барлығына қарсымын» деген бағанға белгі қою арқылы да өзінің сайлауға қатысы бар екенін білдіреді.

-Оқырмандар үшін тұшымды мағлұмат бергеніңіз үшін рахмет!

 

Сұхбаттасқан Нұрболат НҰҒМАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521