Демографиялық үрдістерді талдау - қажетті қадам

 

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің базасында ауқымды деректер мен жасанды интеллект технологияларын пайдалана отырып, Демографиялық үрдістерді талдау және болжау орталығын құру — қазіргі уақыттағы ең өзекті әрі қажетті қадамдардың бірі. Бұл бастама еліміздің ұзақ мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын нақты деректер мен ғылыми тәсілдерге негіздей отырып қалыптастыруға жол ашады.

Цифрлық технологиялардың дамуы мемлекеттік басқару мен жоспарлауға жаңаша көзқарас қалыптастыруды талап етеді. Демография – мемлекет дамуының өзегіне айналған күрделі сала. Халықтың өсу қарқыны, көші-қон үрдістері, еңбек ресурстарының орналасуы мен жас құрылымы – бұлардың бәрі елдің болашағына тікелей әсер ететін маңызды факторлар. Сондықтан осы бағыттағы шешімдер дәл әрі уақтылы қабылдануы тиіс.

Жасанды интеллект пен үлкен деректерді тиімді пайдалану арқылы демографиялық үдерістерді терең талдауға, болашақтағы ықтимал өзгерістерді болжауға және мемлекеттік саясатты алдын ала түзетуге мүмкіндік туады. Бұл әсіресе білім беру, денсаулық сақтау, еңбек нарығы мен инфрақұрылымды жоспарлау сияқты салаларда маңызды болмақ. 

Сәйкесінше, мұндай орталық – ел дамуының стратегиялық бағыттарын қалыптастыратын маңызды құралға айналады.

 

Айгүл АДИЛОВА,

Зинеден ауылдық округінің әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT