Бүгін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Исатай ауданына көңіл айту жеделхатын жолдады.
Жуырда ойда жоқта жол апатынан қаза тапқан Зинеден фельдшерлік пункті қызметкерлерінің отбасылары мен жақындарына арнаған жеделхатында министр «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және өз атымнан Исатай аудандық ауруханасының қызметкерлері Жанар Әміржанқызы мен Айдын Уахитовтың мезгілсіз қайтыс болуларына байланысты орны толмас ауыр қайғыларыңызға ортақтаса отырып, Сіздерге қайғырып көңіл айтамын» делінген.
Бүгін арнайы барып, Министрдің жеделхатын марқұмның туған-туыстарына табыс еткен «Сенім» денсаулық сақтау жүйелері кәсіподақ комитетінің Атырау облыстық филиалының төрайымы Майра Кәшкенова мен Исатай аудандық ауруханасының директоры Сәулебай Байжанов қызметтік сапарда жол апатына ұшырап, қаза тапқан жандардың отбасыларына көңіл білдіріп, министрдің жеделхатын табыс етті.
Өз тілшіміз
Сурет: ашық дереккөзден