ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

2023 жылдың 18 мамырында жаңа құрамменөткізілген Әдеп жөніндегі кеңесінің көшпелі отырысының күн тәртібінде 5 мәселе қаралды.

Бұл тұста, көшпелі кеңесте Исатай ауданы әкімінің орынбасары тарапынан азаматтармен қарым-қатынаста әдепсіздік және бейәдеп мінез-құлық фактілеріне жол беріліп,  іскерлік әдеп   қағидаларының сақталмағаны анықталып, мемлекеттік органның абыройы мен беделіне айқын нұқсан келтіретін әрекеті үшін аталған тұлғаға «ЕСКЕРТУ» түріндегі тәртіптік жазақолдану туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ, кеңесте Қызылқоға ауданы әкімінің және Атырау қаласы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілінің есептері тыңдалып, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама аясында, сондай-ақ қызметтік әдептің сақталуын бақылауды жүзеге асыру бағытындағы қызметтеріндегі түйіткілікті мәселелер талқыға салынды.

Осы ретте, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген талдау қорытындысы да бар. Бұлжөнінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің өкілі тиісті мәліметпен бөлісіп, баяндама жасады.

Бұл орайда, аталған мәселелер бойынша Әдеп жөніндегі кеңеспен әкімдер мен мемлекеттік орган басшыларына тиісті ұсыныстар енгізілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Әлеуметтік желілеріміз