ДЕПУТАТ ҚАРТТАРҒА ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАДЫ

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Жұбанов Әділ Орынбасарұлы өткен жылдың желтоқсанында ауданымызға атбасын тіреп, Аққыстау ауылында сайлаушыларымен кездескен еді. 

Сол жүздесуінде  мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыруда елде атқарылып жатқан жұмыстар барысымен таныстырып, Парламент қабырғасында қабылданып жатқан заңдар жөнінде де жиналғандарды құлағдар қылған халық қалаулысына аудан ардагерлері де өз ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Аға буын өкілдерінің және бір тілге тиек қылып, мәжілісменнен өтініш еткені ардагерлердің өздеріне ыңғайлы спорт түрі бильярд ойынымен шұғылдануға қол ұшын беруі еді. Сол ретте ардагерлерге бильярд үстелі алынып беріліп жатса арасында өзара жарыстар өткізіп, кей кездері бас қоса демалып, әңгіме-дүкен құруға да арқау боларын жеткізген. Халық қалаулысы болса, ол өтінішті орындауға уәде етті.
-«Айт та сөзіңе жет» демекші, өзінің уәдеге берік азамат екенін көрсеткен Әділ Орынбасарұлы араға бір айдай уақыт салып барып, күні кеше ғана үлкен жарыстар өткізуге болатын жоғары сапалы бильярд үстелін алып беріп, Ардагерлер үйіне жеткіздірді. Оның орнатылуын да өз көзімен көріп, аудан ардагерлеріне қуаныш сыйлаған депутатқа аға буын өкілдерінің алғысы көп,-деді жағымды жаңалықты бізбен бөліскен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жансих Ғатихұлы Маштахов.


Жоламан Дәулетияр

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521