Исатай аудан орталығы Аққыстау ауылында бюджет қаражатына салынған нысандарға моииторингілік жұмыстар жүргізілді.
Мониторинг топ құрамында аудандық мәслихат депутаты, аудандық мәслихаттағы «Amanat» партиясының фракция мүшесі А. Жұмабеков, қоғамдық кеңестің мүшесі Қ. Мұхтаров, «Amanat» партиясы аудандық филиалы партиялық бақылау комиссиясының мүшесі О. Көпбергенов, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Е. Махашев, Аққыстау ауылдық округі әкімінің орынбасары Қ.Тахаев болды.
Аталған топ бюджет қаражатына салынған Аққыстау ауылындағы жол, су ағар (дренаж), абаттандыру, ойын алаңдары нысандарының бүгінгі хал-ахуалымен танысып, аралап көрді. Аралау кезінде жоғарыда аталған нысандарды күтіп ұстауда біраз кемшіліктердің бар екені анықталды. Бұл туралы мәселе әлі де зерделеніп, жан-жақты зерттелген соң, аудандық мәслихат жанындағы «Amanat» партиясының фракция отырыстарында қаралатын болып шешілді. Депутаттардың қатысуымен өткізілген мұндай мониторингілік жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.
Аяпберген САЛИХОВ