Өңдеу өнеркәсібі – тұрақты дамудың тірегі

 

Экономиканы әртараптандыру – елдің тұрақты дамуының негізгі тетігі. Әлемдік нарықтағы құбылмалы ахуал мен шикізатқа тәуелділіктің тәуекелін азайтудың ең тиімді жолы – өндірісті әртараптандыру. Терең өңделген өнім өндірісін арттыру арқылы ішкі нарықты сапалы, бәсекеге қабілетті тауарлармен қамтып қана қоймай, экспорттық әлеуетті де күшейтуге мүмкіндік туады.

Бұл бағыт еңбек өнімділігін арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға, өңірлердің экономикалық белсенділігін күшейтуге ықпал етеді. Сонымен бірге, отандық кәсіпорындардың технологиялық жаңғыруына, инновациялық шешімдердің енгізілуіне жол ашады.

Сондықтан экономиканы әртараптандыру мен өңдеу саласын дамыту жұмыстарын жүйелі әрі үздіксіз жалғастыру – елдің тұрақты өсуінің, ұлттық өндірістің қуаттануының және халық әл-ауқатының артуының басты кепілі.

 

Ерлан МАХСОТОВ, 

Жанбай ауылдық округінің әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Республика күні

AQPARATPRINT