«Әділетті және Прогрессивті Қазақстан» жобасы ауыл тұрғындарына таныстырылды

 

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты аудандық коалиция мүшелері Исатай ауданы Х.Ерғалиев ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді. 

Кездесу барысында Конституция жобасындағы негізгі өзгерістер, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейтуге бағытталған нормалар, сондай-ақ әлеуметтік әділеттілікті нығайту мәселелері талқыланды.

 

 

Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтті. Ауыл тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді. Мұндай кездесулер халықтың саяси сауаттылығын арттырып, қоғамдағы бірлік пен түсіністікті нығайтуға ықпал етеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT