Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында еліміздегі әділеттілік пен заң үстемдігін қамтамасыз ету – мемлекеттің басты басымдықтарының бірі екені атап өтілді. Бұл – қоғамдағы тұрақтылықтың, азаматтардың құқықтарының қорғалуының және елдің орнықты дамуының негізгі кепілі. Мемлекет тек заңға сүйенгенде ғана халық сенімі артады, құқықтық мемлекет қалыптасады.
Осы бағытта Бас прокуратура заңсыз иемделген активтерді мемлекетке қайтару бойынша елеулі жұмыс жүргізіп келеді. Бұл тек қаржылық нәтиже ғана емес, әділеттің орнауына жасалған маңызды қадам. Соңғы деректерге сүйенсек, мемлекетке қайтарылған қаражат көлемі 850 миллиард теңгеге жуықтады. Бұл – бұрын мемлекетке тиесілі болған, заңсыз иемденілген қаржылардың қайта халық игілігіне қайтарылғанын білдіреді.
Президенттің айтуынша, мұндай жүйелі шаралар құқықтық жүйенің пәрменділігін арттырып қана қоймай, қоғамда әділеттілік қағидатын нығайтады. Азаматтардың мемлекетке, заңға, құқық қорғау органдарына деген сенімі осындай нақты істер арқылы қалыптасады. Әділет саласында жүргізіліп жатқан реформалар ашықтыққа, жауапкершілікке және халықпен кері байланыс орнатуға негізделуі тиіс.
Сондықтан да әділетті қоғам құру жолында қабылданып жатқан шаралардың барлығы – Жаңа Қазақстанның жарқын болашағына бағытталған нақты қадамдар. Бұл – мемлекет пен азаматтың арасындағы сенімді нығайтуға бағытталған берік негіз.
Асылан ҒҰБАШ,
Исатай ауылдық округінің әкімі