Димаш Құдайбергеннің бейнебаяны Чехияда бесінші апта қатарынан бірінші орында тұр

Чех музыкалық телеарнасы OCKO.TV Димаш пен Әбілмансұр Құдайбергеннің «Together» бейнебаянын ТОП-20 үздік музыкалық бейнелердің дауыс беру тізіміне енгізді. Бесінші апта қатарынан клип бірінші орында келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Dimashnews.com ресурсына сілтеме жасап.

Чехиядағы алғашқы «ÓČKO» музыкалық телеарнасы 2002 жылдың 1 қазанында эфирге шыға бастады. Телебағдарламаның негізгі бөлігін отандық және шетелдік орындаушылардың бейнеклиптері құрайды.

Сондай-ақ, арна эфирінде концерттер мен ән чарттары көрсетіледі. Димаш Құдайберген алғаш рет Чехия телеарнасында 2021 жылдың 10 ақпанында өзінің «Golden» музыкалық бейнебаянымен таныстырылды.

Еске салсақ, биыл маусымның соңында Куала-Лумпурда танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтті. Axiata Arena-да алғаш рет қазақ халық аспаптары ойнап, қазақ әндері шырқалған еді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521