Дінаралық диалог - жаһандық бейбітшілікке бастар жол

 

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтқан ойлары қазіргі халықаралық ахуалдың шынайы көрінісін көрсетеді. Қақтығыстар күшейіп, геосаяси шиеленістер ушығып тұрған тұста, дінаралық диалогтың маңызы ерекше артып отыр.

Съезд тек діни мәселелерді талқылайтын алаң ғана емес, сонымен қатар жаһандық тұрақтылық пен бейбітшілікке үн қосатын бірегей платформаға айналғаны айқын. Президенттің «мәмілеге балама жоқ» деуі – қазіргі әлемге қажетті нақты үндеу.

2033 жылға дейінгі даму тұжырымдамасының қабылдануы да съездің жүйелі әрі ұзақмерзімді жұмысын қамтамасыз етеді. Ал қорытынды декларацияның БҰҰ деңгейінде ресми құжат ретінде таралуы – Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін нығайтып қана қоймай, съезд жұмысына берілген жоғары баға екенін дәлелдейді.

Бұл бастама Қазақстанның бейбітшілік пен толеранттылық идеясын жаһандық деңгейде насихаттап отырғанын тағы бір мәрте айғақтайды.

 

Жайна МӘЛІМҚОЖА

Исатай аудандық "Нарын таңы" редакциясының бас редакторы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT