«Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Исатай ауданының әкімі Марат Мурзиев мәлімдеді» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
- Биыл «Дипломмен - ауылға» жобасы аясында әлеуметтік және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы 3 маманға бюджеттік несие берілді. Бұған қоса 14 маманға бір реттік көтерме жәрдемақы төленді, - деді Марат Мурзиев.
Сонымен қатар биыл Исатай ауданына 21 жас маман келген. Оның ішінде бесеуі мемлекеттік қызметкер болса, үшеуі жоғары білімді дәрігер. Ал, 13 жас маман - білім саласының қызметкерлері.