Домбыраның үні - екі елдің достығын бекемдейді

 

Қытайда қазақтың қара домбырасын шебер ойнайтын бүлдіршіндерді көріп, шын мәнінде қуанып отырмыз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бейжіңде Қазақстанның мәдени орталығын ашуымен қатар, сол шарада 5-10 жас аралығындағы қытай балаларының қазақ және қытай туындыларын домбырамен орындауы – мәдениетіміздің шекарадан асып, өріс алып келе жатқанын көрсетеді.

Әсіресе, Люй Цзышин есімді жас орындаушының таланты көпшілікті тәнті етті. Бұл – қазақ халқының рухани құндылығы шет елдегі жас ұрпаққа да шабыт сыйлай алатынының дәлелі. Домбыра арқылы достықты нығайту, екі ел арасындағы мәдени байланысты тереңдету – ұлт өнерінің жаңа деңгейге көтерілгенін білдіреді.

Осындай шабытты көріністер қазақтың дәстүрлі өнерінің ұрпақтан-ұрпаққа ғана емес, елден-елге жалғасатынын айғақтайды.

 

Әсел ТАБИҒАТҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT