Домбырашы ұстаз дарынымен дараланды

Биыл күй анасы Дина Нұрпейісованың туғанына – 160 жыл.

Осыған орай, Атырау облыстық білім беру басқармасы әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен бүгін Атырау қаласында «Домбырашы қыз» атты күйшілер фестиваль-байқауының облыстық кезеңі өтті.

Оған Атырау қаласы және Құрманғазы, Индер, Махамбет, Исатай, Мақат, Жылыой аудандарының өкілдері қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Бұл байқауда Исатай ауданы атынан аталған байқаудың аудандық кезеңінің жеңімпазы, Новобогат балалар саз мектебінің домбыра пәнінің жетекшісі Нэля Жақсымбетова қатысты. Байқаудың шартына сай, қатысушылар сахна төрінде бірнеше күй орындау арқылы өзара сынға түсті.

Нәтижесінде жерлесіміз Нэля Жақсымбетованың орындауындағы Дина Нұрпейісованың «Қазақстанға 30 жыл», «Бұлбұл» күйлері және Құрманғазының «Серпер» күйі көрермендермен қоса қазылар алқасын да тәнті етіп, білікті ұстаз байқаудың бас жүлдесін жеңіп алды.

a

Сондай-ақ жүлделі І орынға Махамбет ауданының өкілі лайықты деп танылса, ІІ және ІІІ орынды Құрманғазы ауданы және Атырау қаласының атынан қатысқан өнерпаздар иеленді. Байқау соңында жеңімпаз бен жүлдегерлерге ұйымдастырушылар тарапынан естелік сыйлықтар мен дипломдар табысталды.

Айта кетейік, Нэля Жақсымбетова бұған дейінде бірнеше мәрте республикалық, облыстық байқауларда топ жарып, облыс, аудан мерейін асырған білікті ұстаз.

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521