Достық эстафетасы Исатай ауданына келді

Қазақстан халқы ассамблеясының 25 жылдығына орай Исатай ауданында мерекелік шара ұйымдастырылды.

Достық эстафетасы ретінде жалғасып келе жатқан бұл шара бұдан бұрын Жылыой, Мақат, Қызылқоға, Құрманғазы, Индер аудандарында өтіп, Исатай ауданына келіп жетті.

Бұған аудан әкімі М.Мурзиев және эстафетаны табыстауға Индер ауданы әкімі М.Қалауи қатысты. Сонымен қатар Индер аудандық мәслихат хатшысы Б.Сапаров, Индер аудандық мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Ж.Түлепқалиева, Атырау облыстық ішкі саясат басқармасының қоғамдық келісім коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Ж.Ілиясова және облыстық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Н.Ермұхановта келгендер арасында болды.

Шараны ашу құрметіне ие болған М.Мурзиев бұл ассамблеяның халқымыздың бірлігі үшін үлкен рөл атқаратындығын айтты.

- Ауданымызда 28 мыңнан астам тұрғын болса, соның ішінде 7 ұлттың 30-дан астам өкілі тату-тәтті өмір сүріп келеді. Ұлттық бірлік, татулық – ол бәріміздің таңдауымыз. Сол себепті ұлтаралық қатынастарды нығайту барысында, кешенді шаралар атқарылуда. Өзге ұлт өкілдері үнемі аудан әкімшілігінің назарында болып, олардың тұрмыс-тіршілігіне, әлеуметтік жағдайына қолдау көрсетудеміз. Бүгінгі Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен өтіп жатқан эстафеталық шара Индер ауданынан бізге жалғасып отыр. Алдағы уақытта біз бұл эстафетаны Махамбет ауданына табыстамақпыз, - деді М.Мурзиев.

img_4327-min

Бұдан соң М.Қалауи аудан әкімі М.Мурзинге достық эстафетасын табыстап, Махамбет бабамыздың суреті бейнеленген кілемшені сыйға тартты.

img_4368-min

- Қазақ халқы қашан да достықты, татулықты пір тұтқан. Бүгінгі өткізіліп жатқан шараның негізі де осы деп ойлаймын. Осы ассамблея жайлы Елбасымыздың «қазақ халқын жауға да, дауға да бермей сақтап қалған осы ынтымақ болса, біздің болашағымыздың жарқын болуы үшін бұл ынтымақ әлі де керек» деген сөзі бар. Сондықтан болашақта бірлігіміз жазылмаған ел болу, бүгінгі біздердің қолымызда екенін айтқым келеді, - деді Индер ауданы әкімі.

img_4354-min

Санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, өткен шараға ауданымыздың талантты жастары бірі ән шырқап, би билесе, енді бірі ұлттық аспаптарымызда ойнап, келген қонақтарға өнер көрсетті. Көрермендер арасында өзге ұлт өкілдері, соның ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, облыстық «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы, ауданымыздың құрметті азаматы З.Зубариевте болды.

img_4422-min

- Мен 1969 жылы 16 жасымда Индер ауданындағы Көктоғай ауылына жалғыз өзім көшіп келген едім. Содан 1974 жылы осы ауданға келіп, отбасын құрдым. Содан бері менің басқа ұлт екенімді ойлауға, осы ауыл тұрғындары жол берген жоқ. Қазір біз (этноұлт өкілдері) ауылымызда қуаныш пен қайғыны бірге көріп жатқан жайымыз бар, - дейді З.Зубариев.

Байболат СҰҢҒАТОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT