«Достық–Мойынты» темір жолының екінші желісінің іске қосылуы – еліміздің көлік-логистика саласындағы ірі жетістіктерінің бірі. Ұзындығы 836 шақырым болатын бұл жоба қысқа мерзімде, отандық мамандар мен техниканың күшімен жүзеге асырылды. Бұл — тек көлік инфрақұрылымының дамуы ғана емес, еліміздің транзиттік әлеуетін арттыруға бағытталған стратегиялық қадам.
Аталған желі «Шығыс–Батыс» бағыты бойынша жүк тасымалдаудың қарқындылығын едәуір арттырып, Қазақстан арқылы өтетін халықаралық тасымалдарды тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Жаңа темір жол желісі арқылы Қытай, Еуропа және Орталық Азия елдері арасындағы экономикалық байланыстар нығая түседі. Сонымен қатар, бұл жобаның жүзеге асуы жаңа жұмыс орындарының ашылуына, өңірлік даму мен жергілікті инфрақұрылымның жандануына оң ықпал етеді.
Мұндай ауқымды жобалар еліміздің геосаяси және экономикалық маңызын арттырып, Қазақстанды жаһандық логистикалық орталықтардың біріне айналдыру жолында нақты қадам болып табылады.
Айгүл АДИЛОВА,
Зинеден ауылдық округінің әкімі

