Дәрігерлер династиясы аудан әкімін сайлады

Исатай ауданы Аққыстау ауылдық округіндегі№133 сайлау учаскесінде дәрігерлер династиясы келіп өз таңдауларын жасады. Бүгінде берекелі шаңырақ Әбежановтар отбасының 11 мүшесі Исатай ауданының денсаулық сақтау саласында еңбек етуде.

 Аққыстау селосының тұрғыны, медицина саласының ардагері Қадыржан Әбежанов ұзақ жылдар бойы ауданның жедел жәрдем қызметінде фельдшер болып жұмыс істеген. Ал, зайыбы Меңсұлу Есенғалиева - рентгент медбикесі, ұлы Жеңісбек Әбежанов - аудандық аурухананың хирург-дәрігері, келіні Мәриям Сергейқызы - учаскелік дәрігер.

Елімізде пилоттық режимде өткізіліп жатқан аудан әкімін сайлауға Қадыржан аға немерелерін де ертіп әкеліпті. Өйткені, жас буын қазірден бастап саяси науқанның маңызын ұғынып, өз таңдауын жасауға белсене қатысуы тиіс.

–Аудан әкімін сайлау тәуелсіз ел тарихында тұңғыш рет өткізіліп отыр. Сондықтан, оның жауапкершілігі жоғары. Бұл жолы саяси науқан белсенділікпен өтіп жатыр деп есептеймін. Жалпы, ауданымызда атқарылған іс аз емес. Алайда, әлі де шешімін күткен мәселелер жеткілікті. Аққыстау селосында кәріз жүйесінде біраз проблемалар бар. Сондай-ақ, елді мекенді көркейту, жұмыссыздықты жою бағытындағы шаралар қолға алса нұр үстіне нұр болар еді, - дейді Қадыржан Әбежанов. 

№133 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Ерболат Насимуллиннің айтуынша, учаскеде 1203 сайлаушы тіркелген.


Айбөпе САБЫРОВА,

Суретті түсірген: автор.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521