Саяси науқан – ел болашағын айқындайтын маңызды сәт. Осындай жауапты кезеңде халықпен бірге дауыс беру құқығын адал атқарып жүргендердің бірі – медицина саласының ардагерлері Жұмабек Қабделов пен Багила Дюсалиева,- деп хабарлайды "Нарын таңы" газеті.
Бұл отбасы тек кәсіби өмірде ғана емес, азаматтық белсенділік танытуда да үлгі. Ақ халатты абзал жандар № 133 сайлау учаскесіне арнайы келіп, өз таңдауын жасады. Ел тағдырына бей-жай қарамайтын дәрігерлер отбасының бұл әрекеті – нағыз патриотизмнің белгісі.
– Сайлау – әр азаматтың ел болашағына қосқан үлесі. Біз өз дауысымыз арқылы тұрақтылық пен дамуға дауыс бердік, – дейді Жұмабек Қабделов.
Багила Дюсалиева да жастарға үндеу жасап, белсенді болуға шақырды. Отбасылық жауапкершілік пен қоғамдық сана біріккенде ғана мықты мемлекет қалыптасары сөзсіз.
Сағыныш ҚАЙЫР