Исатай ауданындағы мобильдік топтың жұмысы қалай?
Аудан бойынша облыстық Бас санитарлық дәрігердің 2020 жылғы 10 мамырдағы №44-ПГВР "Атырау облысы тұрғындары арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алудың шаралары" туралы қаулысын басшылыққа алып, ашылуға рұқсат етілген нысандар есебі алынып, аудандық жедел штабтың 12 мамырдағы №3 хаттамасымен мобильді топ құрылып, аудандық ТКҚСҚБ басқармасының маманы, аудандық кәсіпкерлік бөлімі маманы, аудандық кәсіпкерлік палатасының басшысы, аудандық ІІБ қызметкерлерімен бірігіп, азық-түлік, басқа да дүкендер, дәріхана секілді нысандарды аралап, санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың орындалуы бақыланып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді.
Күні кеше санитарлық талаптардың орындалысын, карантиндік шектеулер қағидасының сақталуын қадағалау, түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында топ кәсіпкерлік нысандарды аралады. Мамандардың айтуынша, аудандағы дүкендерде, басқа да нысандарда кезекпен кіру, екі метр әлеуметтік ара қашықтықты сақтап тұру талаптары сақталмаған.
«Атап айтар болсақ, Тұщықұдық ауылы көлік жөңдеу және жуу орталығында жұмысшы медициналық маска, қолғап кимеген. Тұщықұдық ауылы «Аружан», «Ақжол» азық-түлік дүкендерінде тұтқалар дезинфекция құралдарымен өңделмеген, «Санжар» азық-түлік дүкенінің сатушысында бетперде, қолғап, дүкенде антисептик жоқ. «Ағатай» азық-түлік дүкені бір мезгілде 3 адамнан артық адам қабылдаған. «Жайнагүл» азық-түлік дүкенінде де антисептик болмай шықты» дейді рейд барысында анықталған олқылықтар жайлы мәлімдеген аудандық мобильдік топ мүшелері.
Сондай-ақ, Жанбай ауылдық округіндегі «Ағатай» құрылыс дүкенінде сатушы қолғап кимеген. «Береке» киім-кешек дүкенінде есік алдында бір уақытта ғимаратқа 3 кісіден артық адам кіруге болмайтындығы жайлы ескертпе ілінбеген. Соның салдарынан бұнда бір мезетте тұтынушы саны 3-еуден артқандығы белгілі болды.
Аққыстау ауылындағы «Әсем», «Ағатай» азық-түлік дүкендерінде де 3-еуден артық адам сауда жасағандығы анықталыпты. Тұтқалар да дезинфекциялық өңдеуден өтпеген.
Ал, аудан орталығындағы «Гауһар» азық-түлік дүкенінде сатушы медициналық маска, қолғапсыз қызмет көрсеткен. Мобильдік топтың мәліметінше, Тұщықұдық ауылындағы «Еркеназ» кондитерлік цехының, сондай-ақ, Аққыстаудағы «Бегайдар» кафесінің қызметкерлерінде бетперде мен қолғап болмай, нысан иелеріне ескерту жасалып, түсінік жұмыстары жүргізіліпті.
Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ