Ел Президенті Қ.Тоқаевтың Жарлығымен партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауы 2021 жылғы 10 қаңтарға белгіленгені баршаға мәлім.
«Nur Otan» партиясы Исатай аудандық сайлауалды штабының жетекшісі Айбатыр Бекішұлымен сұхбаттасуымызға да алдағы саяси науқан себепші болды.
- Айбатыр Бекішұлы, алдағы сайлауға қатысты «Nur Otan» партиясы Исатай аудандық филиалы бойынша атқарылып жатырған жұмыстар жайынан бірер сөз қозғасаңыз.
- Иә, баршаға мәлім болғандай ел Президенті Қ.Тоқаевтың жарлығымен 2021 жылғы 10 қаңтар партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауы өтетін күн болып белгіленді. Осы алдағы саяси науқанға байланысты ағымдағы жылдың 10 желтоқсанынан бастап сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары барлық өңірлерде басталды. Осы үгіт-насихат кезеңі біздің Исатай ауданында да өз жалғасын тауып жатыр. Сондай-ақ «Nur Otan» Исатай аудандық филиалының жанынан қоғамдық сайлауалды штаб құрылды. Бұл штабта қазір біздің 33 мүшеміз бар. Олар осы Исатай ауданына белгілі тұлғалар, оның ішінде партияның жақтастары, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан ардагерлеріміз, ел ертеңі болар жастарымыз және «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері бар. Қазіргі кезде осы сайлауалды науқанына сәйкес желілік кестемізді жасақтаған болатынбыз. Сол кестеге сәйкес қазір көптеген жұмыстар атқарылуда. Күні кеше «Nur Otan» партиясының бастамасымен партияішілік яғни, праймериз өтті. Бүгінде праймериздің жеңімпаздарының ішінен Әлімбек Семғалиев және Индира Дүсіпқалиева есімді екі кандидатымызды облыстық мәслихаттың депутаттығына ұсындық. Сонымен қатар, аудандық мәслихаттың депутаттығына 22 кандидатымыз тіркелді. Қазіргі таңда арнайы жасақтаған желілік кесте бойынша жұмыстарымыз жалғасуда. Желілік кестеге сәйкес ауданымыз бойынша 143 шара өткізу жоспарланған, соның ішінде 77 шараны онлайн, 66 шараны офлайн форматта өткізуді ойлап отырмыз.
- «Nur Otan» партиясы Исатай ауданының сайлауалды бағдарламасында көрсетілген 2021-2025 жылдар аралығында ауданда атқарылатын жұмыстар жайымен бөліссеңіз?
- «Nur Otan» партиясы Исатай ауданының сайлауалды бағдарламасында көрсетілгендей 2021-2025 жылдар аралығында ауданымызда бірқатар ірі жұмыстарды атқару жоспарланған болатын. Оның ішінде Аққыстау, Тұщықұдық, Қамысқала, Жанбай ауылдық округтерін көгалдандыру жұмыстарын жүргізу, 2021 жылы Аққыстау ауылындағы полигонда қатты тұрмыстық қалдықтарды сұраптау алаңын жасақтау, Аққыстау ауылынан жалпы саны 3 қатарлы 60 үйлік 5 тұрғын үй құрылысын салу, Нарын, Жасқайрат, Қызыл үй ауылдарында газ құбыры желісі құрылыстарын салу, Аққыстау, Тұщықұдық, Х.Ерғалиев ауылдарында 185,8 шақырым жазғы су құбыры желісін тарту, ауданға қарасты Ақыстау, Зинеден, Жанбай, Х.Ерғалиев, Қызыл үй ауылдық округтердің ауылішілік жолдарын қайта жаңғырту, Тұщықұдық, Х.Ерғалиев дәрігерлік амбулаториясын күрделі жөндеу, жыл сайын 70 медициналық қызметкердің біліктілігін арттыру, аудан бойынша білім сапасын жақсарту секілді т.б көптеген жұмыстар атқару жоспарланған болатын. Қазіргі таңда «Nur Otan» партиясы Исатай ауданының сайлауалды бағдарламасын тұрғындарға таратудамыз. Сондай әлеуметтік желі арқылы да сайлауалды бағдарламамыз тұрғындарға кеңінен насихатталып жатыр.
- Алдағы саяси науқанға түскелі жатырған партияларды атап өтсеңіз?
- Алдағы саяси науқан 5 партия түскелі жатыр. Атап айтсам, «Nur Otan» партиясы, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы, Қазақстан Халық партиясы (экс-коммунистер), «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы және «Адал» саяси партиясы алдағы саяси науқанға қатысатын болады. Әрине, бұл орайда әрбір адам халықпен етене жақын араласатын, халықтың, елдің жағдайын басты назарда ұстайтын партияға таңдау жасайтыны айтусыз ақ та түсінікті.
- Әңгімеңізге рахмет
"Nur Otan" партиясының Атырау облысы, Исатай ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді