Ақпан айының 10-12 күндері аралығында джиу-джитсудан Атырау облысының іріктеу турнир өтті.
Байрақты бәсекеге 14-18 жас аралығындағы 200-ге жуық спортшы ұлдар мен қыздар қатысып, бақтарын сынады. Аталған сында аудан құрамасының сапында өнер көрсеткен Исатай аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі джиу-джитсу бөлімінің шәкірттері жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда, Дархан Мұхсимат 46 кг салмақта І орын, Шыңғысхан Жұмабай 55 кг салмақта І орын, Нұртілек Шугупан 66кг салмақта І орын, Асылзат Нұрланқызы 52кг салмақат І орын, Аружан Махмутқызы 57 кг салмақта І орын және Жантөре Дүйсен 55 кг салмақта ІІІ орын, Қапиз Камил 38 кг салмақта ІІІ орын,Қайреден Нұртас 66кг ІІІ орынды қанжыға байласа, Неваза бөлімі бойынша Жантөре Дүйсен 55 кг салмақта ІІ орын, Нұртас Қайреден 66 кг салмақта ІІ орынды иеленді.
- Турнир өз дәрежесінде өте тартысты өтті. Жарысқа қатысушы спортшылардың бәрі де бәсекеге қабілетті, жүлделі орынға лайық спортшылар. Біздің де мектеп шәкірттерінің бағы мен бабы қатар шауап жүлделі орындарға ие болды. Қазақстан Республикасының чемпионатына жолдама алған спортшылармен дайындықты күшейте түсіп, жетістікпен ораламыз деген үміт зор,- дейді Исатай БЖСМ джиу-джитсу бөлімінің жаттықтырушысы Нұрсұлтан Абдеш.
Жүлделі І және ІІ орын орын алған спортшылар шілде айының 30-ы Талдықорған қаласында өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатына жолдама алды. Жарысқа дайындаған Джиу-джитсу бөлімінің жаттықтырушылары Берік Хамзин мен Нұрсұлтан Абдеш.