Исатай ауданында дзюдо күресінен өтіп жатқан республикалық турнирдің бүгінгі ақтық сында өнер көрсеткен спортшылар марапатталды.
55 келі салмақ дəрежесінде жерлесіміз Қазбек Аңсаған жеңімпаз атанды және бұл салмақта тағы да қос спортшымыз Арсен Ғизатуллин күміс, Нұрқанат Меңдіғалиев қола медаль иеленді. Сондай-ақ БҚО палуаны Ерген Сатыбалдиевке де қола бұйырды.
60 келіде өнер көрсеткен палуандар арасында атыраулық Нұржан Сәрсенғалиев l орынды иеленсе, жерлесіміз Аманқос Ұзақбаев ll орынға тұрақтады. БҚО-ның палуаны Қайсар Самиғолла мен атыраулық Нұрғали Марат ІІІ дəрежелі дипломдармен марапатталды.
66 келі салмақ дəрежесінде БҚО-ның палуаны Сенім Сейтқалиев жеңіс тұғырынан көрінді. Ал, жерлесіміз Бейбарыс Əділжан күміс жүлде иеленсе, ІІІ орын жылыойлық Бақтияр Дусупов пен Бекзат Мұханбетовтерге бұйырды.
Ал, 73 Келіде өнер көрсеткен спортшылар арасында жылыойлық Қожахмет Хамит мықтылығын дәлелдеді. ІІ орынды жерлесіміз Олжас Сапарғали еншіледі. Ал, мақаттық Нұрбек Зауза мен БҚО палуаны Мейрамбек Бақтығалиев қолаға қол жеткізді.
Сондай-ақ қыздар арасындағы белдесулер де тартысты өтті. 44 келіде күрескен Анель Серікқали қарсылас шақ келтірмей, І орынды жеңіп алса, Камилла Қайрат ІІ орынды, Айша Зейнеу ІІІ орынды иеленді.
63 келіде жерлесіміз Перизат Байтемір жеңіске жетті. ІІ орынды БҚО спортшысы Милана Гусеева иеленді. Ал, атыраулық Айзада Аманжол мен жерлесіміз Дильназ Жарасқалиқызы қола жүлдегер атанды.
Айта кетейік, ертең 42, 46, 50 келі салмақтағы спортшылардың белдесулері өтеді.
Берікбол Қонаров