banner_damu

Е.Ағисов Семей-Невада қозғалысының 30 жылдығына арналған медальмен марапатталды

Бүгін Исатай ауданында Семей полигонында әскери борышын өтеген Ерболат Ағисовқа Семей-Невада қозғалысының 30 жылдығына арналған медаль табысталды.

Семей полигоны жауынгерлерінің Исатай ауданындағы жетекшісі Ерболат Насимуллин мен аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы Дәрмен Токсеитов Ерболат Ағисовқа көрісе барды.

agisiv1803

Жақында ғана Семей-Невада қозғалысының 30 жылдығына орай облыс орталығында өткен салтанатты жиында ауданымыздан үш ардагерге ұйымның арнайы медалі тапсырылған болатын. Марапатталғандардың ішінде Ерболат Насимуллин, Мұрат Бектенов және сол жиынға денсаулығына байланысты қатыса алмаған Ерболат Ағисов бар. – Азаматтың Отан алдындағы борышы қандай сыйлықпен де өлшенбейтіні белгілі. Дегенмен, азаматтар ардагерлердің еңбегін ескеріп, жанына жігер сыйлау мақсатында осындай шараларды қолға алған болатын. Алдымен қазақтың амал мерекесімен құттықтап, көрісу ниетінде, содан соң осы медаліңіз бен отыз жылдыққа арнайы басылған жинақ кітапты тапсыру үшін келдік, - деді Ерболат Насимуллин.

Құрметке ризашылығын білдірген Ерболат Ағисов ұйымдастырушыларға алғысын білдірді. – Жолдасым өзі бара алмаса да, әртүрлі деңгейдегі шараларды арнайы чат арқылы оқып біліп отыр. Қандай шара болса да елеусіз қалдырмауға тырысып жатасыздар. Сол үшін облыстағы, қала берді осы ауданымыздағы ұйым басшыларына ризашылығымызды білдіреміз, - дейді жауынгердің жары Жұмаш Әженова.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика