Ең жас сайлаушыға сыйлық берді

Исатайлық  Мерей Құрманғалиев аудан әкімі сайлауында тұңғыш рет өз таңдауын жасады. Аққыстау орта мектебінде орналасқан №133 сайлау учаскесінде ең жас сайлаушы дауыс беріп, сыйлыққа ие болды.

 Аққыстау селосының тұрғыны Мерей Ғаділжанұлы 18 жасқа қыркүйек айында толған. Енді ол алдағы саяси маңызды науқандарға қатысып өз келешегі үшін таңдау жасайтын болады.

Бұл күн мен үшін мереке іспеттес. Себебі, мұндай саяси науқанда алғаш рет дауыс бердім. Енді ауданымыздан үлкен өзгеріс пен тың жаңалықтар күтемін,-дейді ол.  

Айбөпе МҰРАТҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT