Егемендігіміз еңселі болғай!

Құрметті аудан тұрғындары, қадірменді жерлестер! Сіздерді тәуелсіздігіміздің бастауы саналатын, Қазақстанның егеменді ел ретінде танылуының тарихи маңызы бар мереке Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын.

2022 жылдың 16 шілдесінде өткен Ұлттық құрылтайда мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Республика күні» мейрамын қайта жаңғыртып, ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынды. Осыған орай, тиісті нормативтік құжаттарға өзгеріс енгізіліп,  25 қазан – Республика күні болып қайта жарияланды. Бұл мереке елдің мемлекеттігі жарияланған күн ретінде әр қазақстандық үшін қымбат.  Сондықтан бұл мерекені еліміздің басты мерекесі деп айтсақта болады.Осынау ұлттық мерекемен барша исатайлықтарды құттықтай отырып, егемен еліміздің ертеңі кемел болуын, ауданымыздың гүлденіп көркеюін тілеймін. Бабаларымыздың аңсағаны арманына бүгінгі ұрпақ қол жеткізіп, ынтымағы мен берекесі жарасқан елде тату-тәтті ғұмыр кешуде. Осындай тыныштығымыз бен тұрақтылығымыз мәңгілік болып, балаларымыздың болашағы жарқын, тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз еңселі болғай!  Әр шаңыраққа ырыс пен ынтымақ, қуаныш пен шаттық тілеймін. Аудан халқы үшін жасалып жатырған жұмыстарымыз ел игілігіне қызмет етіп, тұрғындарымызды қуанышқа бөлей берсін. Мереке құтты болсын!

 

Ізгі тілекпен, Исатай ауданының әкімі П.Хасанов 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT