Екі бірдей исатайлық республикалық пәндік олимпиададан олжа салды

Жақында республикалық пәндік олимпиаданың үшінші кезеңі өтті.

Бұл білім додасында Исатай ауданының екі оқушысы жоғары нәтижеге қол жеткізді.

Атап айтсақ, Аққыстау орта мектебінің 11-сынып оқушысы, Мәншүк Панабердиеваның шәкірті Шайхы Гауhар Елубайқызы қазақ тілі мен әдебиеті пәні, Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы, Лиза Молдағалиева жетекшілік ететін Дария Әділжанқызы құқық пәні бойынша III орын иегерлері атанды.

Айта кетейік, олимпиада сәуір айының 28-30 күндері аралығында карантиндік шектеулерге байланысты онлайн түрінде өтті.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521