Экономикалық даму-болашақтың қайнар көзі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдау  жолдады. Жолдауда өте өзекті мәселелер көтерілді.

Мемлекет басшысы, экономика, әлеуметтік, саяси, экология сияқты салаларға қатысты алдағы басымдықтарды айқындап берді. Әсіресе, «Азаматтардың мүддесі мен сұранысы – Қазақстанның экономикалық даму стратегиясының өзегі»,-деп еліміздің экономикасының дамуы болашақ үшін маңызды екенін де айқын көрсетті.

Жолдауда  халықтың әл-ауқатын арттыруды көздейтін негізгі басты тақырыптар атап айтылды. Ел ішіндегі болашағы бұлыңғыр болып тұрған түрлі мәселелерді айшықтады. Әсіресе экология соның ішінде су қорын үндеп пайдалануға бастама көтерді. Жолдауда шегелеп айтылған әрбір өзекті тақырыптардың қағаз жүзінде емес, іс жүзінде орындалуы үшін баршамыз жұмыла іс қылуымыз керек. Жолдауды әрбір қазақстандық толықтай қолдап, ондағы міндеттерді іске асыру жолында аянбай еңбек етуіміз қажет.

 

Бисен Рауан Бисенұлы
Исатай аудандық экономика және қаржы бөлімінің сектор меңгерушісі

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521