Экономикалық дамудың жаңа кезеңі

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканы цифрландыру және жасанды интеллектіні енгізу мәселелеріне ерекше назар аударды.

Ол мемлекеттік және қаржы қызметтерін цифрландырудағы жетістіктерді атап өтіп, әр министрліктің өз саласына арналған цифрлық өзгеріс картасын әзірлеу қажеттігін айтты. Сонымен қатар, жасанды интеллектіні дамытуға баса назар аударуды тапсырды, себебі бұл технологиялар медицина, білім беру және креативті индустрия салаларында жаһандық өзгерістер әкелуде.
Президенттің бұл бастамалары экономиканың тиімділігін арттыруға және Қазақстанның жаһандық технологиялық үрдістерден қалыс қалмауына бағытталған маңызды қадамдар деп санаймын. Әр министрліктің цифрлық өзгеріс картасын әзірлеуі салалардың дамуына жаңа серпін беріп, жасанды интеллектіні енгізу еліміздің инновациялық әлеуетін нығайтады деп ойлаймын.

Алтынгүл Ибраймова,
  «Аққу» бөбекжай бақшасы. Х.Ерғалиев ауылы 
Әдіскер- психолог

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT