Экономиканы әртараптандыру — еліміздің тұрақты дамуы мен сыртқы тәуелділікті азайтудың негізгі тетігі. Бүгінгі таңда тек шикізатқа ғана сүйеніп отыру жеткіліксіз. Әлемдік нарықтағы тұрақсыздық жағдайында Қазақстан терең өңделген, жоғары қосылған құнға ие өнім өндіруге басымдық беруі қажет. Бұл бағыт ішкі нарықты сапалы, отандық тауарлармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді әрі экспорттық әлеуетті айтарлықтай арттырады.
Экспортқа бағытталған өндірісті дамыту – экономиканы жаңғыртудың және елдің халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызды жолы. Сонымен қатар, өндіріс көлемінің артуы еңбек өнімділігін жақсартып, жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал етеді. Бұл халықтың әл-ауқатын көтеріп, аймақтардың да қарқынды дамуына жағдай туғызады.
Сондықтан экономиканы әртараптандыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру – еліміздің ұзақ мерзімді тұрақты даму стратегиясының негізі болуы тиіс.
Ерлан МАХСОТОВ,
Жанбай ауылдық округінің әкімі


