Экономиканы жандандырудағы банктердің белсенділігі

 

Екінші дәрежелі банктердің нақты секторға қаржыны белсенді әрі жүйелі түрде бағыттауы бүгінгі экономикалық дамудың басты шарттарының бірі болып отыр. Бұл мәселе қоғамда ғана емес, сарапшылар мен экономистер арасында да ұзақ уақыт бойы талқыланып келеді. Өндіріс орындарын қолдау, жаңа технологиялық жобаларды қаржыландыру, шағын және орта бизнесті дамыту – барлығы да банктік несиелеудің сапасы мен қолжетімділігіне тікелей байланысты.

Сондықтан уақытты жоғалтпай, бұл бағыттағы жұмысты шұғыл түрде қолға алу қажет. Банктердің инвестициялық белсенділігін арттыру, қаржы ресурстарын нақты экономикаға барынша тиімді бұру – елдің экономикалық тұрақтылығын күшейтіп қана қоймай, жаңа жұмыс орындарының ашылуына, отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің артуына мүмкіндік береді.

Осындай нақты және батыл қадамдар жалпы экономикалық өсімге серпін беріп, халықтың әлеуметтік жағдайына да оң әсерін тигізеді. Демек, қаржыландыру саясатын қайта қарап, оны нақты секторды қолдауға бағыттау бүгінгі күннің өзекті талабы болып отыр.

 

Асқар АБУОВ,

Нарын ауылдық округінің әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT