ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҚОЛА ИЕЛЕНГЕНДЕР

Ақтау қаласында ақпан айының 20-22сі күндері аралығында самбо және жауынгерлік самбо күресінен жастар арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті.

Қазақстанның барлық өңірінен облыс құрама командаларынынан 200-ге жуық спортшы қатысты. Аталған додаға Исатай ауданының самбошылары Ерасыл Әнесов мен Әбілмансұр Ғалымовтың асығы алшысынан түсіп,  ҚР Чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Байрақты бәсекеге қатысқан спортшылар қазіргі таңда Ерасыл Әнесов Облыстық нөмірі бірінші мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықса, Әбілмансұр Ғалымов Олимпиадалық емес жоғары шеберлер спорт мектебінде дайындалады. Жаттықтырушылары  Берік Хамзин мен  Аманжол Ғалымұлы.

– Самбо күресі — көптеген ұлттық күрес түрлерінің бай әдіс айлаларының жиынтығы болып табылады. Сондықтан да болар аталған күрес түріне жастарымыздың да қызығушылығы басым. ҚР Чемпионаты жоғарғы деңгейде өтті. Бірінен-бірі оза шапқан бәсекеде шын жүйріктер ғана жүлделі орынға ие болды деп айтуға толық негіз бар,-дейді Исатай аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Берік Хамзин. 

 

Жайна МӘЛІМҚОЖА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Әлеуметтік желілеріміз