Ел дамуындағы жаңа кезең

 

Биылғы Жолдаудың салмағы да, ауқымы да бөлек болды. Президент маңызды бастамалар көтерді. Біріншісі, Қазақстанды үш жыл ішінде цифрлық мемлекетке айналдыру. Бұл ретте Цифрлық кодекс пен  "Жасанды интеллект туралы" заң ерекше рөл атқаруға тиіс.  Екінші, жылдам өзгеріп жатқан технологиялар мен жаңа экономикалық жағдайда Мемлекет басшысы банктер туралы заңнаманы жаңарту міндетін қойды. Үшінші, Alatay City қаласын цифрлық қалаға айналдыру ұсынды. Ондағы мақсат адамдардың жайлы өміріне жол ашатын қажетті құқықтық негіз жасау.

Төртінші, киберқауіпсіздік мәселесіне назар аудару. Бесінші, отандық өнім өндірушілердің құқықтарын қорғау. Алтыншы, жер мәселелерін ретке келтіру арқылы ауыл шаруашылығының дамуына серпін беру. Жетінші, құрылыс кодексін қабылдау. Жалпы айтқанда, бұл Жолдаудың негізгі түпкі ойы "барлық реформаның өзегі -адам" деген қағидатқа сәйкес келеді. 

Ендеше Жолдау еліміздің дамуының жаңа кезеңіне жол ашып,  Қазақстанның тұрақты және өркендеген мемлекет ретінде қалыптасуына негіз болмақ.

 

Мырзажан Балпанов,
Жанбай ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы, ауданның Құрметті азаматы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT