Ел дамуының өзегі - мұнай-газ саласындағы адал еңбек

сурет ғаламтордан

 

Мемлекет басшысының мұнай-газ саласы қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтауы — бұл саладағы мыңдаған еңбек адамының маңдай тері мен қажырлы еңбегіне берілген әділ баға. Президенттің сөзінен тек құрмет емес, сонымен бірге осы салаға артылған үлкен сенімді де байқаймыз.

Мұнай-газ саласы — Қазақстан экономикасының тірегі. Бұл салада еңбек етіп жүрген екі жүз мыңнан астам азаматтың күнделікті қажырлы еңбегі – ел игілігіне айналып отыр. Әсіресе кен орнында, ауа райы мен жағдайға қарамастан жұмыс істейтін мамандардың еңбегі – нағыз ерлікке пара-пар.

Президент айтқандай, бұл салада тек тәжірибелі мамандар ғана емес, олардың жолын лайықты жалғастырып келе жатқан жас буын да еңбек етуде. Мұнайшы, инженер, оператор, техник – бәрі де экономикалық өсімнің алғы шебінде жүр. Бұл — тек кәсіп емес, бұл — жауапкершілік пен жанкештілік.

Сондықтан бұл құттықтау – мерекелік лебіз ғана емес, бүкіл бір саланың абыройын асқақтататын маңызды үндеу.

 

Әсел ТАБИҒАТҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT