Ел экономикасын көтеру басты назарда

Бүгін Президент Қ.Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында 2024 жылы атқарылған жұмыстар қорытындыланып, алдағы кезеңнің басты міндеттері талқыланды.

Отырыста туризм саласын дамыту, инвестициялық жобаларды әзірлеп, инвестиция тарту, мал шаруашылығы мен ауыл шаруашылығы саласына жеңілдетілген несие беру, электр энергетикасымен қамтамасыз ету мәселелері бойынша бірқатар тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, денсаулық сақтау, білім беру және ғылым саласын дамыту да назардан тыс қалған жоқ.

2024 жыл «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияланып, қарапайым еңбек адамдарының беделін арттыру, кәсіптік-техникалық білім беру жүйесін жаңғырту бағытында нақты шаралар қолға алынғанын айтуға болады.

Түптеп келгенде, бұл бастамалардың барлығы еліміздің экономикасын көтеру, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру және азаматтардың тұрмыс сапасын жақсарту мақсатында жүзеге асырылуда.

Сания КӨБЕЕВА,
Исатай аудандық орталық кітапхана меңгерушісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT