Ел игілігі үшін ауқымды жұмыстар кезегі келді деп ойлаймын

Елімізде өткізілген Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы дер кезінде өткізілген еліміз үшін игілікті шара болды. Қазір саясатты жете түсінбесе де ауыз өзімдікі деп оңды - солды пікір айтушылар көбейіп кетті. Мемлекет басшысы болу , мемлекет басқару құдды бір ойыншық іспетті көріп ,Прөзидентке датым бар , Тоқаев мынаған назар аудар , мына мәселеге петиция жариялаймыз деген бағыттағы сыңарезу әңгімелер әлеуметтік желіде аяқ алып жүргізбейді. Осыны оң- солын айырып болмаған жасөспірімдер ,жеткілікті деңгейде білімі жоқ адамдар оқиды да азады.Сондықтан мемлекеттік мекемелер , мемлекеттік қызметкерлер ,қоғамдық ұйымдар , партиялар нақты түсінік беріп халықтың дұрыс мәселеге көзін жеткізуі керек деп ойлаймын. Президенттік үміткерлер туралы да жағымсыз пікірлер айтылуда. Ал менің ойымша осы жолы үміткер болғандар халыққа терең таныс емес тұлғалар болса да саяси көзқарастары бар , мәдениетті жандар болды. Олар халықпен кездесулерде көптеген назар аударарлық жайларды көтере білді. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы ол пікірлерді есепке алып отыр деп есептеймін. Қысқасы Президенттікке үміткерлер сайлаудың барынша әділ де демократия негіздеріне сай өтуі үшін қарсыластар емес көмекшілер іспетті болды. Сайлаудың өтуі , оның өтуін бақылаушы халықаралық қауымдастық мүшелері өте жақсы пікірлер білдіруде.Сайлау өтті. Халық өз таңдауын жасады. Енді тек жақсылыққа бағытталған ауқымды жұмыстар кезегі келді деп ойлаймын.

Мусин Бекболат
зейнеткер ұстаз , мемлекеттік қызмет саласының ардагері.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521