Ел мерейін асырған ағайынды чемпиондар – аудан жастарына өнеге

 

Бір отбасының қос перзентінің ел намысын абыроймен қорғап, Мемлекет басшысының қолынан марапат алуы – ең алдымен ата-ананың еңбегінің, тәрбиесінің, табандылығының жемісі. Айарудың да, Ерасылдың да жеңісі – жеке жетістік қана емес, бүкіл қазақстандық жастарға, соның ішінде біздің аудан оқушыларына да үлкен үлгі.

Мұндай сәттер ұрпаққа «еңбек еткеннің арманы орындалады» деген сенімді тағы бір дәлелдейді. Айару мен Ерасыл сияқты жетістікке жету үшін табандылық, білім мен еңбекті серік еткен әрбір аудан оқушысы да биік белестерді бағындыра алады.

Екі бауырдың табысы – Қазақстанның спорттағы беделін биіктетіп қана қоймай, жас буынға жаңа мақсат, жаңа арман сыйлайды. Ел мақтанышы атану – абырой ғана емес, жауапкершілік. Айару мен Ерасылдың жеңісті жолы әлі де жалғасып, талай жасқа, соның ішінде ауданымыздың талапты оқушыларына серпін беретініне сенім мол.


Бекзада МЕҢДЕКЕНОВА
Педагогика ғылымдарының магистрі, «Барыс» спорт клубы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT