Халқымыз жыл сайын үлкен үмітпен күтетін ел Президентінің Жолдауы жаңа оқу жылының басталуымен қатар келуі әрбір азаматтың ерекше назарын аударды.
Биылғы жолдау еліміздің болашақ дамуы мен ертеңгі күнге бетбұрысын айқындап берген саяси мәні зор оқиға болды. Қоғамдағы барлық бағыттардың дамуы ел тағдыры үшін маңызды7
Қазақ халқының әрбір азаматының көкейінде жүрген мәселелерді шешу жолына арналған Қасым-Жомарт Кемелұлының жаңа Жолдауы мемлекетіміздің дамуы мен бұхараның өмірінде бірқатар өзгерістер мен жаңашылдықтың болатынын көрсетіп берді. Осы жолдауда алға қойған міндеттер 3 жылда орындалуы тиіс деген талап қойылды. Әсіресе ішкі нарықты қолдау, туризмді дамыту, қорғаныс саласы өндірісін өркендету, агроөнеркәсіпке кешенді серпіліс жасау саясатын көпшілік қолдайды деп сенемін. Сол сияқты су мен энергияны үнемдеу жұмыстарына ерекше назар аударылған. Алдағы жылдары елімізде 20 су қоймасын салу, суды үнемдеу технологиясын енгізу осы саладағы ахуалды түзейді деп ойлаймын. Сонымен қатар «Отбасы банкін» ауылдар мен аудандарға несие беруге бағыттауы ауылдастарымыздың тұрғын үйге деген мұхтаждығын азайта түспек. «Адамның қажеттілігі әрдайым басты назарда болады» - деді Президентіміз Қ.К.Тоқаев осы Жолдауында.
Енді үкіметке біртіндеп азаматтардың жалақысын өсіре беру жүктелді. Сонымен қатар аудан, қала, әкімдері сайланатын болды. Мен бұл Жолдауды демократия мен қазақстан азаматтарының әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған құнды құжат деп бағалаймын.
Мүтиголла Насиханов
Исатай аудандық мәслихат аппаратының басшысы