ЕЛДІК СЫНҒА ЖОЛДАМА АЛДЫ

 

Ел тәуелсіздігінің іргесін бекітіп, өркениет өресін кенейте түсу үшін де бізге елінің ертеңі жолында еңбек ететін жан-жақты дамыған азамат дайындау – міндет. Ал бұл мақсатқа жету үшін, ең алдымен, бүгінгі мектеп партасындағы шәкіртті жан-жақты жетілдіре түсу жайы ұдайы бірінші кезекте тұруы тиіс. 

Ауыл мектептері оқушылары арасында сыни ойлау қабілетін, шешендік өнерді, қоғамдық пікірталас мәдениетін дамыту арқылы оқушылардың азаматтық белсенділігін арттыру және интеллектуалды жастар қауымдастығын дамыту – осы бағыттағы оңды бастамалардың бірі.

Осы мақсатта облыстық білім басқармасы «Таланттарды анықтау және қолдау орталығының»  ұйымдастыруымен өткен Ұлттық «Auyl CUP» пікірсайыс турнирінде Новобогат орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мұхамбетқалиев Нұрсұлтанның жетекшілігімен Новобогат орта мектебінің 10 сынып оқушысы Өтепқали Жігер және аудандық Мектеп гимназияның 10 сынып оқушысы Уалижан Альмира жүлделі бірінші орынды иеленіп, мерейлері үстеді. Тараз қаласында өтетін республикалық сайысқа жолдама алған жеңімпаз жерлестеріміз елдік сында бақтарын сынайтын болды.

 

Жоламан ДӘУЛЕТИЯР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT