Электр желілері жаңартылды

 

Электр желілерін жаңарту – ауыл инфрақұрылымын дамыту бағытындағы маңызды шаралардың бірі. Томан елді мекенінде электр желілерін жаңарту жұмыстары толығымен аяқталып, жаңа жүйе іске қосылды. Жоба облыс әкімінің қолдауымен жүзеге асып, тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам болды.

Бұл жұмыстар – елді мекендерді үздіксіз және сапалы электрмен қамтамасыз ету бағытындағы кешенді жобаның бір бөлігі екендігін Аққыстау ауылдық округі әкімі Ерболат Махашов бізбен болған әңгіме барысында тілге тиек етті.

–Жаңғырту жұмыстары аясында Х.Ерғалиев ауылындағы қосалқы электр станциясынан Томан елді мекеніне дейін жаңа темір бетон бағаналар орнатылып, заманауи электр желісі тартылды. Қазіргі таңда ауыл толықтай жаңартылған желіге қосылып, тұрақты әрі сапалы электр энергиясымен қамтамасыз етілуде. Халықтың өмір сүру сапасын арттырып, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған нақты қадам. Алдағы уақытта осындай жобалар өзге елді мекендерде де кезең-кезеңімен жүзеге асырылады,-деді округ әкімі.

Аталған жобаның тапсырыс берушісі  Атырау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы. Жобаны жүзеге асыру барысында барлық техникалық және қауіпсіздік талаптары қатаң сақталған. Тұрғындар да бұл өзгерісті оң қабылдап, билік тарапынан жасалып жатқан нақты қолдауға ризашылықтарын білдіруде. Сондықтан электр желісінің жаңартылуы тұрмыстық жағдайға ғана емес, ауылдың жалпы әлеуетінің артуына да оң әсер ететінін атап өтуге болады.

 

Сағыныш ҚАЙЫР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT