Электрондық қызмет ең тиімді тәсіл

Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер – жеке мемлекеттiк функцияларды iске асырудың бiр түрi.

Бұл мәселе заң жүзінде бекітілген. «Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасына сəйкес халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімділігін арттыру мақсатында электронды түрде қызмет көрсету заман талабына сай қарқынды дамуда. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет дегеніміз – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық  игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің өткен жылғы 30-желтоқсандағы №ҚРДСМ-336/2020 «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығына сәйкес аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтің жеті түрі бекітілген.

Олардың ішінде «Эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі жиі көрсетіледі. Аталған қызмет «электрондық үкімет» www.egov.kz, www.elicense.kz веб - порталы арқылы 10 жұмыс күні ішінде және электрондық (ішінара автоматтандырылған) нысанда жүзеге асырылады.

Қажетті құжаттар тізбесі:

- Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық нысанындағы өтініш;

- санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін қажетті зертханалық-аспаптық зерттеулерге (сынақтарға) сәйкес аккредиттелген зертханалар жүргізген зерттеулер (сынақтар) хаттамаларының электрондық көшірмелері;

«Қоршаған ортаға зиянды заттар мен факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының, шикізат пен өнімнің жаңа түрлерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемилолгиялық қорытынды беру туралы» қызметі де жиі көрсетілетін қызметтердің қатарында. Мемлекттік қызметті «электрондық үкімет» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы алу мүмкіндіктері қарастырылған.

Қызмет 10 жұмыс күні ішінде және электрондық (ішінара автоматтандырылған) нысанда жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін негізде көрсетіледі.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16-мамырдағы № 202-V ҚРЗ заңы кәсіпкерлік субъектілерінің және осы Заңда көзделген басқа да тұлғалардың жекелеген қызмет түрлерін немесе әрекеттерді жүзеге асыруына рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін енгізуге және іске асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді. Осы Заңның күші Қазақстан Республикасындағы бір мезгілде мынадай белгілерге сәйкес келетін барлық рұқсаттар мен хабарламаларға қолданылады:

1) жеке немесе заңды тұлға қызметті немесе әрекетті (операцияны) жүзеге асыруды бастау үшін – рұқсатты алған, ал хабарламаны жіберген болуға тиіс;

2) Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес рұқсат (ілеспе рұқсаттан басқа) алу және хабарлама жіберу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тұлғалар тобы үшін міндетті болып табылады, ал, оларды алмай қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру қылмыстық немесе әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады;

3) рұқсатты беруді және хабарламаны қабылдауды уәкілетті мемлекеттік органдар немесе уәкілетті мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары жүзеге асырады;

4) рұқсат алу, хабарлама жіберу жөніндегі міндет: жеке және заңды тұлғаларға – жекеше кәсіпкерлік субъектілеріне; реттелетін кәсіби қызметпен айналысуға құқық алатын жеке тұлғаларға; жекеше кәсіпкерлік субъектілері болып табылмайтын, бірақ өзінің қызметін немесе әрекеттерін (операцияларын) жүзеге асыру үшін жекеше кәсіпкерлік субъектілері сияқты сондай рұқсаттарды алуға міндетті жеке және заңды тұлғаларға жүктеледі;

5) рұқсат берудi жүзеге асыратын органдар нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптарға сәйкестiгiн тексерудi жүргiзуге және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда рұқсат беруден бас тартуға уәкiлеттi болады;

6) жеке кәсіпкерлік субъектілері алатын рұқсаттар оларға кейіннен жеңілдіктер (жеңілдік шарттарын) беру үшін негіздеме болып табылмайды

Аталған мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен толығырақ аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында танысуға болатындығын және олардың «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде қолжетімді екендігін қаперге береміз.

Назерке ЖҰМИЕВА, 

Исатай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық

 бақылау басқармасының статистигі 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521