Елге қызмет ету бала күнгі арманым

 

Құқығымыз тапталса, әлдебіреуден жәбір көрсек, пана іздейтініміз – полиция. Олардың бейбіт күнде ерлік жасап жатқандары да бар. Оған тағы ақы сұрағанын да естіген емеспіз. Әсілінде, әділдіктің ақ туын желбіретіп, ақиқаттың салтанат құруының бастауында – ішкі істер органдары қызметкерлері де бар, біле білсек. Біз осынау қиын да күрделі, жауапты қызметте жүрген, сөйте тұра бұқарадан алар алғысы сирек полицияның беделі жөнінде сөз етпекпіз.


Бүгін біз әңгіме етіп отырған кейіпкеріміз - аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметі тобының аға инспекторы болып 10 жыл бойы тынбай қызмет атқарып, 2018 жылы штаб инспекторы болып тағайындалған Надежда Ахметқалиева. Еселі еңбекпен өрнектелген өмір жолында ол ауыз толтырып айтуға болатын, мақтануға да тұратын жетістіктерге жетіп, өзін таныта білді. Айта кетейік, ол бірнеше рет Қазақстан Республикасының ішкі істер министрінен грамота (2018 жыл), аудан әкімінен алғыс хат (2019 жыл), аудандық полиция бөлімі бастығынан алғыс хаттар (2021, 2023 жыл), Атырау облысы полиция департаменті басшысынан грамота (2022 жыл) иеленген.


-Жалпы бұл мамандыққа бала күнімнен қызығушылығым артқан, үлкен өмірге қадам басқанда полиция боламын деп алдыма мақсат қойдым. Шыны керек, бұл мамандық иелерінің формасына қызықсам керек-ті. Қиындығы мен қызығын бала күнімде түсіне қойған жоқпын. 
Сонымен, арман еткен мамандығымда қызмет атқарып жатқаныма 15 жылдай уақыт болыпты. Біздің қызметтің басты мақсаты жол бойындағы қауіпсіздікті, қоғамдық орындағы тәртіпті қадағалап, құқық бұзушылықтардың алдын алу болып келеді. Сол үшін күні-түні жұмыстамыз. Ол үлкен жауапкершілікті әрі төзімділікті қажет етеді. Кәсіптің жақсысы, жаманы болмайды. Полиция қызметкерінің жұмысын оңай деп ойлайтындар жаңылысады. Себебі, полиция қызметкерінің бас-ты ұстанымы – өз ар-ожданының алдында таза болу, қандай қиындықтар, кедергілер болса да, шыдамдылық танытып, шыдай білу. Ал бұл - кез келгеннің қолынан келе бермейтін іс. Біздер халықпен етене көп жұмыс жасаймыз ғой, сөздің шыны осы. Сондықтан, полиция қызметкері, ең алдымен, үлкен-кішімен де сөйлесе білуі тиіс. Ашып айтқанда, заңды сауатты жетік меңгерген абзалырақ,-дейді штаб инспекторы.
Иә, мемлекеттік қызметпен қоса, ошақ қасы, отбасын ұмытпаған біздің кейіпкеріміз бәріне үлгеруге тырысады. Қазіргі таңда 5 баланың анасы, қызметімен  бірге үй шаруасын да дөңгелетіп жүрген жайы бар. Полицияның жұмысы, олардың жауапкершілігі жайлы айтылар сөз көп. Қоғам тыныштығы үшін олардың атқарып жатқан жұмыстары аз емесін бәріміз білгеніміз жөн.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521