Елі үшін туған ерен тұлға

Кеше Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өкілеттілігін тоқтату туралы шешім қабылдағаны барша қазақстандықтарға белгілі. Әрине, мұндай шешім қабылдау Елбасымызға оңай болмағаны анық.

Н.Назарбаев елімізді басқарған отыз жылға жуық уақытта мемлекетті жаңадан құрды. Былайша айтқанда, Кеңес Одағынан кейін күйреп қалған елдің еңсесін тіктеді.Тұрақты экономикалық дамушы елдің жан-жақты тетіктері бекітілді. Қазақстан Орталық Азия елдерінің ішінен ойып тұрып орын алды. Көшбасшысына айналды. Сыртқы саясат барысын тек назарда ұстап қоймай, бел ортасында жүретін қатысушысы болды.

«Қазақстан-2030» бағдарламасы мерзімінен бұрын орындалып, бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кірді. Көрегендікпен Нұрсұлтан Назарбаев мемлекетті екі әлемдік дағдарыстан аман алып қалды. Сарыарқа төсінен Елбасының бастамасымен Қазақстанның жасампаз жаңа Астанасы салынды. Ерен еңбек пен ерліктің нәтижесінде халықтың әл-ауқаты артып, елімізде тұрақтылық пен бейбітшілік орнады.

Қазақстан жаһандық экономиканың ажырамас бөлігіне айналып, әлемнің барлық елдермен сауда-саттық жүргізіп келеді. Елімізде жаңа инфрақұрылымдық-әлеуметтік нысандар бой көтеріп, барлық өңірлерге автомобиль жолдары мен теміржолдар салынуда. Халқымыздың саны он сегіз миллионнан асты. Жастарымыз мемлекет қамқорлығын сезінуде. Елімізді қазір бүкіл әлем таниды. Осының бәріне Тұңғыш Президентіміз - Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген сарабдал саясатының нәтижесінде қол жеткіздік дер едім. Әлем мойындаған ірі саясаткер Нұрсұлтан Назарбаев әлі де халқымен бірге етене еңбек ете беретіні даусыз.

Жұмажан ҚАДИМОВ,

еңбек ардагері,

ауданның Құрметті азаматы.

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21