Х.Ерғалиев орналасқан N128 учаскелік референдум комиссиясында дауыс беру таңертеңнен бері қызу жүріп жатыр.
Дауыс берушілердің қатарында Қамысқала ауылдық бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Бекболат Мусин де бар. Өзгелер секілді ол да учаскелік референдум комиссиясына келіп, өз таңдауын жасады.
-Бүгін еліміз бойынша референдум өтіп жатыр. Мемлекет басшысының жарлығымен 6 қазан -жалпыұлттық референдум күні болып белгіленгені белгілі. Мұның бәрі еліміздің болашағы үшін жасалып жатқан қадам. Солардың қатарында менде бармын. Осылайша отбасымызбен бірге учаскеге келіп, өз таңдауымызды жасадық. Бәрімізде осы Қазақстанның азаматымыз, осында тудық, осында өстік.Еңбек еттік. Қазір зейнеткерміз. Ұрпағымыз өсіп жатыр. Еліміз аман, жұртымыздың тыныш болуын қалаймыз. Болашақтағы Қазақстанның дамыған жақсы сәулетті мемлекет болуын армандаймыз. Экономикасы өсіп, халқымыз мамыражай тіршілік кешіп, молшылықта өмір сүреді деп есептеймін. Сол бағытта өз даусымызды бердік.Барлығы жақсы болсын деген ниеттеміз,- деді ол сөзінің соңында.