Елордада елдік турнир өтті

 Астана қаласында қазақ күресінен жасөспірімдер арасында «QAZAQ KURESI LIGA» республикалық  турнирі өтті.

Турнирге  Ақтөбе, Қызылорда, Павлодар, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Атырау облыстары және Астана қаласынан 230-ға жуық спортшы қатысты. 2008-2014 жылдары аралығында туған жасөспірімдер арасында өткен додада аудандық БЖСМ шәкірттері де бақтарын сынады. Тартысты өткен бәсекеде аққыстаулық Аманат Лес 23 келі салмақтан,  қамысқалалық Нұргелді Меңдігерей 26 келі салмақтан  ІІ орынды иеленсе, Наурызбек Сапарғали 26 келі салмақта  ІІІ орынды қанжығасына байлады. Айта кетейік, жүлдеге ілінген палуандардың жаттықтырушылары – Азамат Лесов пен Үмбет Мұсағалиев. Талабы таудай спортшыларымызға тек сәттілік тілейміз.

                                                                                                        Сағыныш ҚАЙЫР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT