Ембіліктер елдің игілігіне «Көпнысаналы спорт алаңын» тарту етті

Аққыстау ауылында көпнысаналы спорт кешені ашылды. Аталған нысан «Ембімұнайгаз» АҚ демеушілігімен салынды. Іргелі кәсіпорынның құрылғанына 100 жыл толуына орай мұнайшылар тұрғындарға спорт кешенін тарту етті.

Кешеннің салтанатты ашылу рәсімінде сөйлеген аудан әкімі Полымбет Хасанов демеушілік жасағаны үшін «Ембімұнайгаз» АҚ басқарма төрағасы Есен Қайыржанұлына және де аз уақыттың ішінде құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізген «СМК Атамекен» ЖШС мердігер мекемеге алғысын білдірді.

633d0f33-f7f0-4ee1-9313-c0cc36c2c805

-Биыл «Ембімұнайгаз» АҚ құрылғанына 100 жыл толып отыр. Кәсіпорынға толағай табыстар тілеймін!
Бұл спорт алаңшасы футбол, баскетбол, валейбол, жүгіру жолдарымен жасақталып, толықтай жабдықталған. Биылғы жыл Президент Жарлығымен «Балалар жылы» болып белгіленді. Бұл нысанның ашылуы – балаларымыз үшін қуаныш және салауатты өмір салтын ұстануға жасалып жатқан мүмкіндік, спортпен шұғылданатындар үшін жаттығу алаңы,-деді және «Ембімұнайгаз» АҚ басқарма төрағасы Есен Қайыржанұлына алғыс хат табыстады.
Салтанатты шарада сөз алған Есен Қайыржанұлы биыл қазақ мұнайының қарашаңырағына айналған «Ембімұнайгаз» АҚ 100 жылдық мерейтойын кең көлемде, аудан, ауылдық округтерде де атап өтуді жоспарлағанын жеткізді. Басқарма басшысының айтуынша, қазақ мұнайының мерейлі 100 жылдығы тек мұнайшыларға ғана қатысты шара емес, жерасты байлығы халықтың ортақ қазынасы болғандықтан, игілікті әрбір тұрғын сезінуі тиіс.
-«Ембімұнайгаз» АҚ басқармасына қарасты «Жайықмұнайгаз» МГӨБ-ның алатын орны ерекше. Мұнай көлемі жағынан, өндіріс көрсеткіші бойынша да алдыңғы қатардағы мекеме. Сондықтан өзіміздің мұнайшыларға да, мұнайлы аудан тұрғындарына да ризашылығымызды білдіреміз. Бүгінгі тарту етіп отырған шағын ғана нысанымызды қабыл алыңыздар,-деді ол.

 

5f195d7a-c7d9-46e6-85d5-b9d96f3d8d8d

Одан әрі Аққыстау ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы, мұнай саласының ардагері Қожантай Сыдихов пен басқарма төрағасы Есен Қайыржанұлы көпнысаналы спорт алаңының лентасын қиды және ардагер мұнайшы Қожантай Сыдихов өзінің ризашылығы мен алғысын жыр шашуымен жеткізді.

 

Сағыныш ҚАЙЫР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521