Еңбегінің өтеуін сұраған үшін мұнайшылар кінәлі ме?

Соңғы жылдары Маңғыстау  облысының мұнайшылары тарапынан көшеге шығып, наразылық білдірушілер  қатары күн санап өсіп келеді.

Оған күні кешегі жұмыстан босап қалған бір топ жаңаөзендік  мұнайшылардың Астана қаласына барып, жұмыс  талап етуі  дәлел бола алады. 

Меніңше, олардың ойында ешқандай титтей те болса, қараулық жоқ деуге болады. Тек тиісті орын басшыларынан   жұмыс талап еткені болмаса. 
Тиісті орындарда бұл мәселені сонша күрделендірмей-ақ диалог арқылы түсіністікпен шешіп жібергенде, мәселе бүйтіп ушықпас еді. Керісінше, кенеттен сау ете  қалған қара киімді полициялар алаңда тұрған мұнайшылардың қолын артына қайырып, автобусқа бірінен соң бірін тоғыта салып, қамауға алып кетті. 
 Олардың сонда не кінәсі бар?  Ел байлығын өндіріп, ыстыққа күйіп, суыққа тоңып, сол еңбектерінің өтеуін бейбіт түрде сұрағаннан басқа. Меніңше, Үкімет  мұндай сын сағатта дұрыс шешім қабылдайды деген ойдамын. Мұны көрген сыртқы елдер не дейді?!  Елдің тұтастығы, тұрақтылығы - біздің басты байлығымыз екенін түсінетін кез әлдеқашан жетті  ғой деп ойлаймын!

 


Мырзажан Балпанов,

Исатай ауданының Құрметті азаматы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521