ЕҢБЕГІ ЕЛЕНГЕН ЖУРНАЛИСТ

Қазақ мұнайының 120 жылдығына арналған салтанатты және мәдени-көпшілік шаралар еліміздің түкпір-түкпірінде өтіп, онда сала ардагерлері мен мамандарына арналған мерекелік медальдар табысталып жатқанынан көпшілік хабардар.

Осындай медаль бүгін әріптесіміз, аудандық «Нарын таңы» газетінің І санатты тілшісі, тәжірибелі қаламгер, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, ақын Дәулетияр Жоламан Отарғалиұлына табыс етілді.

medal

Аудандық газет редакциясына арнайы келіп, ұжым алдында табыс еткен "Ембімұнайгаз" АҚ адагерлер кеңесінің төрағасы, ардагер мұнайшы, Н.Ә.Марабаев атындағы «Мұнайшы» қоғамдық қорының Атырау облысы бойынша үйлестірушісі Бағыт Шабайұлы Сматуллин әріптесіміздің еңбегіне табыс тілеп, бұл медальдің сала ардагерлерімен бірге қаламгерлер қауымына да берілу себебіне тоқталды. Оның айтуынша, мерекелік медаль әр жылдары мұнай тақырыбына қалам тербеп, сонау алғашқы қара алтын фонтаны атқылаған Қарашүңгіл кен орнынан бастап, бүгінгі жаңа өндіріс орындарына дейінгі кезеңдерде қызмет атқарған қарапайым еңбек адамдарының ісін баспасөз бетінде жариялап, көпке таныта білген журналистерге де беріліпті. Мұнайшылардың әріптесімізге деген  марапаты шағын ұжымымыздың мерейін асырып, көңіліміз марқайып қалды.

Айта кету керек, Жоламан Дәулетияр аудандық газетте қызмет атқара жүріп ақындығын шыңдап, төселген қарымды жазбагер. Оның өмір, махаббат, табиғат, туған жер, балалар тақырыбынан өзге мұнайшылар тақырыбына да жазған өлеңдерінің өзі бір төбе. Осыдан бірнеше жыл бұрын «Қазыналы өлке» өлеңіне жергілікті сазгер Есенболат Біләловтің ән жазғанына да ел куә. Ендеше, әріптесімізге мерекелік төсбелгі құтты болсын демекпіз. Қаламыңыз мұқалмасын. Өмірде тек сәттілік серік болсын!

Аудандық газет редакциясы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521